- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- 1311 жылдық тарихы...
1311 жылдық тарихы бар қонақ үй
Жапонияның Хаякава елді мекенінде әлемдегі ең көне Nishiyama Onsen Keiunkan қонақүйі орналасқан. Қонақүй б.з.д. 705 жылы салынып, бүгінгі күнде 1311 жылға толып отыр. Бұл күнге дейін қонақүй тек жөндеу жүргізілу себебінен ғана қызметін тоқтатқан. Соңғы рет 1998 жылы жөндеу жүргізілген қонақүй іші дәстүрлі жапон стилінде жасалған. Рухани демалыс орны болғандықтан, ғаламтор мен теледидардан өзге жаныңызға керек дүрниелердің барлығы да табылады.
Қонақүйдің сыртқы көрінісі.
Жер асты серіппесі арқылы берілген ыстық ванна.
Барлық терезесінен табиғат көрінісін тамашалай аласыз.
Мәзірде тек дәстүрлі жапан тағамдары ғана бар.
Үйдің барлығы осы ыстық су бұрқағы арқылы жылиды және осы жерден барлығына су тарайды.
Үйдің ішіндегі ванна.
Дәстүрлі жапон стилінде рәсімделген 35 қонақ бөлме бар. Кезінде император, генералдар мен самурайлар демалған.
Адамдар оңаша қалып демалу үшін осында келеді.
Қонақ бөлмелерде тас бассейні орналасқан. Ал жүзуден шаршағандар, саунаға келіп отыра алады.
Қонақүйде қанша жыл жұмыс жаса да қызметкерлері өз жұмысын жақсы көреді. Олар тыныштық іздеп келген жандарға қолынан келгенше көмек көрсетеді.
Н. Үсенова