12 жастағы талантты бала Мексикадағы ең ірі университет саналатын Ұлттық автономды жоғарғы оқу орнының студенті атанды. Карлос Антонио Сантамарияны университеттегілер 9 жасынан бастап біледі. Ол аналитикалық химия, биохимия және молекулалық биология пәндері бойынша курсты сәтті аяқтаған. Оқуды жалғастыру мақсатында Карлос 6 тамыздан басталатын биомедицина курсын таңдады. Ол ата-анасы ертіп келетін жалғыз студент болады, делінген баспасөз мәлімдемесінде.Жоғарғы оқу орнына кіру мүмкіндігіне ие болу үшін Сантамария орта мектептің бітіру емтихандарын мерзімінен бұрын тапсырған. Мен тек қана оқуды қалаймын. Егер мені есіктен қуып жіберсе терезеден кіремін, дейді жас студент.Баланы Мексикадағы АҚШ елшілігі гений және кішкентай мексикалық талант, деп құттықтады.