- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- 110 студент "Work&Travel"...
110 студент "Work&Travel" бағдарламасы арқылы алаяқтарға алданып қалды
"Work&Travel" бағдарламасымен жазғы демалыста АҚШ елінде тіл үйреніп, жұмыс істеп қайтпақ болған Алматы, Астана, Қарағанды мен Көкшетау қалаларының 110 студенті алаяқтарға алданып қалған. Жапа шеккендердің әрқайсысы «Katherinе Travel» деген әлдебір агенттікке 2 жарым мың доллардан өткізіпті. Ал ақшаны қалтаға басқан алаяқтар кеңселеріне қара құлып іліп, іздерін суытқан. Алданған студенттер енді полиция мен прокуратура есіктерін жағалап жүр.
«Katrinе Travel» басшыларына қатысты Алматы қаласының қаржы полициясына шағым тіркелді. Бірақ ол қалалық полицияға жолданды. Себебі аталған қылмыс алаяқтыққа жатады. Яғни, жеке тұлғалар мен жауапкершіліктер шектеулі серіктестік арасында болғандықтан бұнымен қаржы полициясы айналыспайды», - дейді Алматы қалалық ЭЖСЖҚК департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жақсылық Жақыбаев.
Қалалық Ішкі істер департаментіндегілер тексерудің жүріп жатқанын жеткізді. Ал студенттерден ақша жинап алған агенттік басшысы Тимур Саматовқа іздеу жарияланған. Бір қызығы, «Katherinе Travel» өкілдері кеңсені жауып, із суытқанымен, ғаламтордағы сайттары жұмысын әлі доғармапты. АҚШ-қа әлі де шақырып әлек.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: vk.com
Ақпарат көзі: ktk.kz
Ж. FM