Америкалық ғалымдар Мьянма жерінен біздің заманымызға дейінгі тарихи кезең өсімдігін тапты. Табылған гүл осыдан 100 миллион жыл бұрын өсіп шыққан күйінде сақталған.
"Гүлдің кәріптас арасында қалғаны оның жақсы сақталуына оң әсерін тигізген",– дейді Орегон штаты университетінің профессоры Джордж Пойнар мырза.
Ғалымның болжамы бойынша, сол заманда Жер бетін мекен еткен динозаврлар өсімдік бұтағын қағып сындыру әсерінен гүлді арахариялардың қабығындағы шайырдың тамшыларына түсірген болуы әбден мүмкін. Ол қазіргі кәріптастың көзі.
Араукарий ормандары осыдан 100 миллион жыл бұрын қазіргі Мьянма территориясында өскен. Ол жерді динозаврлар, сүтқоректілер мен жәндіктер мекен еткен және алғашқы гүл өсімдіктері де осы жерден шыққан.
Табылған гүл диаметрі шамамен 5 миллиметр. Өсімдік Tropidogyne pentaptera атауына ие болды. Мұнда penta сөзі "бес" деген мағына берсе, pteron ұғымы "қанат" деген баламаға ие.