Жер шарында 7 миллиард халық бар екені баршамызға белгілі. Бұл санның үлкен болғаны соншалық, оның үлесіндегі әр елдің тұрғындары мен басқа ерекшеліктерімен топтастыруға болатын халықтың үлесі айқын байқалмайды. Ал егер біздің әлем тек 100 адамнан тұрса ше?
Егер расында Жер бетінде тек 100 адам өмір кешсе, оның 57-і Азиядан, 21-і Еуропадан, 14 кісі Американың екі континентінен, 8 адам Африкадан болушы еді. 52 әйел мен 48 ер кісінің 30-ы христиан, 23-і мұсылман болмақ. 100 адамның тек алтауы әлем байлығының 59%-ын иеленсе, 80 кісі нағыз кедей атана алар еді. 100 адамның 70-і жазу танымай, 50-і күнделікті аштықты көріп өмір сүрмек. Күнде 1 адам қайтыс болып, 1 адам дүниеге келмек. 100 адамның тек біреуі жоғары оқу орнында оқыған болса, басқа 1 адам компьютерлі сауатты болушы еді.
Таңертең аман-есен, сау болып ояндыңыз ба? Ендеше сіз апта сайын көз жұматын миллион адаммен салыстырғанда бақыттысыз.
Егер сіз өміріңізде соғысқа қатыспай, аштықтың зардабын көрмей, абақтыда азап шекпесеңіз, сіз осыны басынан өткерген 500 миллион адамнан бақыттысыз.
Егер сіздің күнделікті тұратын баспанаңыз, киетін киіміңіз, ішетін тамағыңыз болса, сіз әлемдегі тұрғындардың 75%-ына қарағанда бақытты жансыз.
Осы ақпаратты өз бетіңізбен оқи алсаңыз, сіз жазу танымаған 2 миллиард замандасыңызға қарағанда, әлдеқайда бақыттысыз.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/_WWDy1F4zjY","width":"425","height":"350"});
Әлем халқын есептеуіш
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет:obozrevatel.com