- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- 1 долларға не...
1 долларға не сатып алуға болады?
1 долларға әлемнің әр елінде не сатып алуға болады? Сөйтсек, "балық педикюрінен" бастап 40 бөдене жұмыртқасына дейінгі аралықта өте-мөте көп нәрсе сатып алуға болады екен.
Камбоджа: "бақытты сағаттар" (Happy Hour) саналатын құйып сатылатын сыра немесе зімбір (имбир) өсімдігі қосылған отқа қақталған құрбақа, қытырлап тұрған қуырылған өрмекші, 20 минут "балық педикюрі", 4 литр ауыз су, Ангкор-Ватадан теркөйлек (майка) (әрине, ар жағында шамалы тиын қосып жақсысын алуға болады), екі бөтелке «Кока-Кола», елу грамм дат сыры. Сонымен қатар, 1 долларға кір жуатын орталыққа бір келі киімдеріңізді алып бара аласыз.
Аустрия, Вена: "Kornspitz" тоқаш наны.
Филиппин: жарты сағат аяқ массажы, қуырылған ұсақ балықтар, шашты қысқартып алу, 28 «Мальборо» темекісі, "7Eleven" кофесі, "AA" тұрпатты 3 батарейка, екі сағат интернет, "Mr. Donut" дөңгелек бүйрегі (пончик), 2 сағат таксиде жол жүру, 4 литр ауыз су мен табақ-табақ палау.
Испания: Канар аралдарында, оның ішінде Тенерифеде 1 долларға бір шыныаяқ кофе келеді.
Вьетнам: бір күн бойына велосипед жалдау, сүтпен екі шыныаяқ кофе, "Mobifone" симкасымен 15 минут әңгімелесу, «Фо сорпасы, кішкене көлемде кір жуу, 250 грамм қантталған зімбір, 40 бөдене жұмыртқасы, 1 вьетнам қалпағы, бір-екі газет, 1 DVD, 7 литр ауыз су, "Halida" сырасының екі шөлмегі, 1,25 л бензин.
Ұлыбритания: жарты литр бензин, екі темекі (екі пар), 3 алма, газет.
Хорватия: үлкен мөлшердегі балмұздақ.
Дания: бір литр сүт, ашық хатқа арналған маркалар.
Венгрия: Будапеште 1 долларға 1 балмұздақ немесе 4 кішкене алма немесе 1 гамбургер немесе 1 газет немесе ескі қалада жарыт сағатқа автокөлік (парковка) қоюға болады.
Түркия: автобусқа билет, «Кока-Кола» банкасы, сендвич, бір құты шай, екі-үш газет, бір келі апельсин немесе алма, жарты келі банан, екі бөтелке су ( 0,5 литрлік), екі сопақ нан (батон).
Италия: бір шиша арзан вино немесе 1 келі спагетти немесе 6 бөтелке минералды су немесе бір "ибупрофен" таблеткасы (арзан виноның бас ауыртуын қойдырады).
Колумбия: бір құтыаяқ шай мен бірнеше тәтті тоқаш нан.
Оңтүстік Корея: Сеулде 1 долларға автобуста немесе метрода серуендеуге болады.
Таиланд: бұл елде біршама нәрсе келеді (бір литр бензиннен бастап бірнеше бөтелке ауыз суға дейін).
Египет: үлкен мөлшерде "koshary plate" (құрамы: күріш, макарон, шыжғырылған жуа, жасымық, бүйрек нан мен фаляфель) асы.
Үндістан: Колькатте қаласында 1 долларға тыңқиып тойып алуға болады.
Коста-Рика: папайя, ананас немесе қарбыз.
Аустралия: көп ақша ұтуға мүмкіндік сыйлайтын лотерея билеті.
Иордания: майға қуырылған картоп немесе кофемашинаның екі құтыаяқ кофесі.
АҚШ: Лос-Анджелесте 1 долларға "Blue Bus"-пен қыдыруға немесе көлікті тұрақта тастап кетуге болады.
Никарагуа: бір бөтелке сыра.
Аргентина: тәтті тоқаш жеуге болады.
Индонезия: Манадода көгөніс пен күріш қосылған қуырылған тауық етіне тойып алуға болады.
Бір сөзбен айтқанда, 1 долармен Вьетнам, Таиланд, Филиппин секілді елдерге барған дұрыс. Ал біздің елде 1 долларға не келеді?
сурет:nasha.lv
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига