Дәл қазір 1 доллар біздің валютаға шаққанда 341 теңгені құрап отыр. Әлдекімдер үшін бұл түкке татымайтын ақша, ал біреулер үшін әжептәуір қаражат. Ойлап көріңіз, 1 долларды қалай жұмсайсыз? Әр елде 1 долларға не сатып алуға болады? Біліп көрейік.
Қытай. Бір тілім нан. Қытайда 1 доллар ақша тіпті бір бөлкен нан алуға жетпейді.
Венгрия. Бір бөтелке шарап. Бұл таңғаларлық жайт емес.
Үндістан. Алты кесе шай. Шайды жақсы көретін үндістерге хош иісті дәмдеуіш қосылған шай.
Нидерланды. Әмбебап дүкендегі 10 түйір құймақ. Ал, арнайы қолдан жасап дайындалған құймақтар 1 доллардан қымбатырақ тұрады.
Австралия. McDonald’s-тағы салқындатылған сусын мен коктейль.
Италия. Бір шыны эспрессо немесе капучино. Италиялықтар жақсы кофені жиі ішеді.
Нигерия. Бір бума кокос чипсиі.
Малайзия. Дюжина (12) жұмыртқа.
Оңтүстік Африка. McDonald’s-тағы 2 чизбургер.
Колумбия. 3 эмпанадас, бұл латынамерикалық бәліш.
Вьетнам. Бір тәрелке дәстүрлі вьетнам кеспесі.
Гондурас. 11 банан. Мұнда банандар өте арзан.
Индонезия. 67 сағыз. Тұрғындар 67 сағызды 1 долларға ең оңтайлы нұсқа деп есептепті.
Хорватия. Үлкен шыныдағы американо кофесі.
Финляндия. Бір бума езілген еттен жасалған шұжықша (сосиска). Еттен жасалған тағамдарды ұнататын тұрғындар үшін ең тиімдісі осы.
Швейцария. 3 орама (упоковка) сағыз.
Уругвай. Пакеттелген бір литр сүт.
АҚШ. Америкалықтар McDonald’s-қа соғуды жөн деп таппаған. Олар 1 долларға бір банка салқын шай алғанды дұрыс санайды.