- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ұлу сауытынан...
Ұлу сауытынан жасалған саяжай
Англиялық 48 жастағы әйел жақында бала күнінен армандаған ерекше саяжайға қол жеткізді.
Сырты ғана емес, ішкі қабырғалары да ұлу сауытымен безендірілген бұл үш қабатты саяжайдың салынғанына ұзақ жылдар болған. Ескі үй болса да әртүрлі үлкен-кішілігі ұқсамайтын теңіз ұлуының қатты қабыршағынан пайдалана отырып, түр-түсі де біріңғай қалыппен, ерекше шеберлікпен жасалынған.
Жақында бұл ерекше саяжай иесі жағынан бәсекелестіріп сатылған. Жалпы 120 мың фунт стерлинг ақша жұмсап сатып алған Louise Cotton есімді әйел бұл үйді бала күнінде көргенін айтады. "Мұндай ерекше безендірілген үй әлемде кемде-кем. Бала күнімде көріп аңсарым ауған. Ата-анама, достарыма есейгенде осы үйді сөзсіз сатып алатынымды айтқанмын. Қазір арманыма жеттім. Бұл ескі үйді безендіруге алда әлі көп қаржы жұмсайтын боламын» дейді.
Таңғажайып үйді сіз де тамашалай отырыңыз.
Дайындаған: Алшын МАТАЙ
Сурет: facebook.com
Қ. Қауымбек