АҚШ-тың Невада штатында аты аңызға айналған Зона 51(Area 51)әскери-әуе базасы фантастикалық киноларда, компьютер ойындарында бірнеше рет көрсетілді. Бұл нысан туралы түрлі алып-қашпа әңгімелер тараған: өзге ғаламшарлықтардың технологиясын зерттейтін жер, мұқым адамзатты жоқ қылып жіберетін қауіпті вирустардың отаны, генетикалық тәжрибелер ордасы т.б. Осындай сөздердің таралуынан Пентагон кейбір құпия мәліметтерді жариялауға мәжбүр болған. Ресми мәліметтерге қарағанда Зона 51-де жаңадан жасалған әуе технологиясы мен қару-жарақ сынақтан өткізіледі. Бұл жерде Lockheed U2, A-12 және SR-71 сынды барлау ұшақтары мен әлемге әйгілі көрінбейтін F-117 Nighthawk сынаудан өтетіні мәлім етілген. Олардың аспандағы үшбұрышты елесін көргендер беймәлім өзге ғаламшарлықтардың ұшу аппаратын елестеткен болуы мүмкін. Кейбір мәліметтерге қарағанда қазіргі уақытта бұл жерде SR-91 Aurora деп аталатын гипердауысты өте құпия көрінбейтін барлау ұшағы үстінде зерттеулер жүріп жатқанға ұқсайды. Бұл ұшақ сағатына 20 мың шақырымды басып өте алатын әлемдегі жалғыз ұшу аппараты. Бірақ бұл хабарды Пентагон ресми түрде растаған жоқ. Розуэлл оқиғасы1947 жылдың маусымында Розуэлл қалашығының аты бүкіл әлемге белгілі болды. Қалашықтың маңындағы Мак Брейзелдің фермасына беймәлім (БҰН) ұшатын нысан құлады. Сол кезде-ақ мемлекеттің қауіпсіздік қызметі белгісіз нысанды алып кеткен. Отыз жыл бойы бұл оқиға туралы айтуға тыйым салынды. 1978 жылы операцияға қатысқан майор Джесси Марселдің сұқбаты жарияланады. Ол беймәлім ұшатын нысан мен оның ұшқышын белгісіз базаға алып барғандары туралы айтқан. Энни Якобсенің зерттеуіЖурналист Энни Якобсенің 2011 жылы жарияланған 51 аумақ. Американың құпия әскери базасы туралы кітабында сол дәуірде базада жұмыс істеген 74 адамның сұқбаты берілген. Олардың кейбірі құпия базада Американың дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақ жобалары туралы айтып өткен. Кітаптың екінші бөлім одан да қызық. Сталиннің өзге ғаламшарлықтарыКітаптың екінші бөлімінде Якобсен 1947 жылы ешқандай да өзге ғаламшарлықтар құламағанын айтады. Оның пікірінше, Нью-Мексико штатына құлаған беймәлім аппарат АҚШ-ты қорқыту үшін Сталин тарапынан жіберілген адамдар.Құлаған аппарат ішінен табылған мүрделер өзге ғаламшарлықтар немесе ұшқыштар емес, сынақтан өтіп жатқан қарапайым адамдар. Олардың бойы 1,5 метр болған, дейді кітап авторы. Сталиннің бұйрығымен қарсылас мемлекет жеріне ерекше ұшатын аппарат жіберілген. Оның ішінде физикалық жағынан өзгеріске ұшыраған қарапайым балалар болған. Бұл балаларға Сталиннің бұйрығымен нацисттердің дәрігері болған Йозеф Менгеле тәжірибе өткізген екен.