- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- 10 жасар...
10 жасар бала акула аузынан аман шықты
Фото:
reactor.inform.kz
Гавайлық он жасар бала өзіне тап берген акуланың аузынан аман шықты. Бұл туралы reactor.inform.kz хабарлады.
Жыртқыш балық баланың аяғынан тістеп, жарақаттап үлгерген. Он жасар Рэймонд Сэненси жағалауда жүргенінде оған кенеттен келе қалған акула тап береді. Акула баланың аяғынан тістеген. Бірақ бала еш саспай, екінші аяғымен акуланың мұрнынан тебеді. Содан кейін ол кері қарай жүзіп, жағаға қарай жөнелген. Бұл кезде оның қасында Майк Уорд есімді тағы бір серфер болған. Ол аяғынан жарақат алған “батыр” Сэненсиді ауруханаға жеткізуге көмектескен екен.
Дәрігерлер Сэненсидің аяғындағы жараны тігіп, оның жақын күндерде жүріп кететінін айтты.
С. Ерсін