- Негізгі бет
- Сын
- Зейнолла Серікқалиұлы. Романға...
Зейнолла Серікқалиұлы. Романға барар жол #2
Отызыншы жылдары, Балқаш өңірінде болашақ мыс алыбының іргесі қаланар кезде Мəскеуден институт бітіріп келген кен инженері бірден цех бастығы болуды қаламайды да, еңбек жолын бұрғылау жабдығы машинисінің көмекшісі ретінде бастайды. Кеніш директоры, бас инженері, қалалық партия, комсомол комитеті хатшылары сияқты қызметі сабақтас талай адамдармен жүздесу, танысу, Зұлфия, Мəншүк сезімдері, түрлі қышқыл-Отызыншы жылдары, Балқаш өңірінде болашақ мыс алыбының іргесі қаланар кезде Мəскеуден институт бітіріп келген кен инженері бірден цех бастығы болуды қаламайды да, еңбек жолын бұрғылау жабдығы машинисінің көмекшісі ретінде бастайды. Кеніш директоры, бас инженері, қалалық партия, комсомол комитеті хатшылары сияқты қызметі сабақтас талай адамдармен жүздесу, танысу, Зұлфия, Мəншүк сезімдері, түрлі қышқыл-желпі баяндалып, тізбелеп кете барады.
Алматыдан үлкен басшылар келгенде бас инженер Шубаев қатты абыржып, сөз жүзінде болса да Кемел мерейі үстем шығатын бір көрініс бар. Техникалық мəселеде оқушы түгілі дəл осы арада біздің авторларымыздың өзі мықтап шатасады. Біз үшін мағынасы бір-біріне қоянның көжегіндей ұқсас, қанша ажыратайын десең де жігі ашылмай қоятын «бүйірден тиеу», «қапталдан тиеу» тəсілдерінің айырмасын түсіндіре алмай əлек. «Қоңыртөбе карьерінде кен бүйірден беру тəсілімен тиеледі. Кен паровоздың жүру бағытына қарсы беттен тік тиелетіндіктен бұл істе екі вагоннан артық пайдалану мүмкін емес. Себебі жыныс тиейтін экскаватор мойны қанша ұзын, шөміш қанша үлкен болғанмен қапталдан тиеуде оның мүмкіндігі екі вагонмен ғана шектеледі» (158-бет), – дейді Шубаев. Осы сөйлемнің соншалықты дəл ұғым дарытатынына күмəніміз бар. Əйтсе де, Шубаевтың сөзіне қарағанда – Қоңыртөбе карьерінде кен мүмкіндігі екі вагоннан аспайтын, «бүйірден беру», «қапталдан тиеу» деп əр түрлі атала беретін бір-ақ тəсілмен тиеледі екен. Бірақ басшы бұдан өзге тəсілі жоқ па деп тағы сұрайды. «Кен тиеудің бүйірден тиеу деп аталатын тағы бір тəсілі бар. Атынан көрініп тұрғандай, мұнда кен вагондарға бүйірден тиеледі» деп түсіндіреді Шубаев. Ол шамамен жеті-сегіз вагонға деген, басшының өзі он екі вагон деп түзету енгізіп жатады. Келесі бір қайырылыста біз бəрібір қайтадан шатасамыз. «Кенді қапталдан тиеуге бола ма?» дейтін сұрақ есеңгіретіп тастайды. «Қоңыртөбе кенішінің жағдайында əзірше ол мүмкін емес» дейді Шубаев. Ребус мұнымен де шешілмейді. Іле-шала, болашақты болжайтын Кемел сөзінде ұғым мен ұғым тағы да орын алмастырып алады: «Күн ертең мына тар алаң кеңейгенде біз қазір мəжбүр болып отырған «қапталдан тиеуден» бас тартып, «бүйірден беру» тəсіліне көшеміз» (158–161 беттер).
Осылай, міне, шырақ алып қаншама тірсектегенмен, тұрақты бір ұғымның ұшығын ұстай алмай, əуре-сарсаңда біз қалдық. Қоңыртөбе кенішінде қай тəсілдің кəдеге асқанын ажырата алмай авторларымыздың сілесі қатты. Кітапта айрықша мəн берілетін мəселе болғандықтан, əрине, бұған соқпасқа шамамыз жоқ. Ең болм ағанда, өздері айтып отырған əңгімесінің жөн-жосығын жете сезініп үлгермей жатып асығыс қаламға жабысатын сүйкей салды шалағайлықты оқушы қалай кешіреді? Мұндай дүниені талғамай жарыққа шығарып жіберген «Жалын» баспасы туралы не айтуға болады?
Ары қарай, айы оңынан туып, бір белден бір бел асып, көм екшіліктен кеніш директорлығына дейін Кемел өткен өмірбаяндық баспалдақтарды түгендеп шығудың қажеті енді бола қоймас деп ойлаймыз. Қалай дегенмен, бұл аты əдебиет санатындағы мүлік кой. Əйтсе де, көп қатарлы қопарылыстар тиімділігі, балық зауытын салу, су тұшытатын кондырғы-аспаптар жасау сияқты əртүрлі ұсыныстары қаншама мағлұматтар береді дегенмен, оқушыны толғандыр ар шынайы көркемдік шындық көрінбейтін қолтумадан рухани лəззат алар бірдеңе бойға дарып бəрібір жарытпайды.
Мұндай ауыр сөздің тек дəлел-дерегін тиянақтай түсу үшін ғана шығарманың осы жерінен əлдене шыға ма деп дəмеленген тұс ымыздан амалсыздан тағы бір үзінді келтіргім келіп тұр. Бұл – Кемелдің бір кезде өздері отырғызған жас ағаштар бой түзеп, сəнденіп қалғанын көріп, кеудесін қуаныш сезімі кернейтін, көңілі таситын шағы. Адам қолымен жүзеге асқан жасампаздық жайында ойланып келе жатып, бəрібір кəдімгі кітаби жасандылыққа килігеді. «Кемелдің көз алдына енді бір сəт Адамзаттың бақыты үшін құдайдан от ұрлап, ең ауыр жазаға ұшыраған Прометей мен өз жүрегін суырып ап жарық қылған Данко бейнесі келе қалды», «Қазір де ба- сына əлдеқандай бір қиындық түссе, өзі шексіз жақсы көретін əдеби кейіпкерлерді көз алдына елестетіп, солардың əр рухы мен күрескер тұлғасынан, ақыл-парасаты мен ерлігінен күш, қуат алады» (218–219 беттер), – деп жазады авторларымыз.
(Жалғасы бар)
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: writers.kz
M. Auelkhan