Кейбір адамдар өзінің серігін өмірден емес, интернеттен не әлеуметтік желіден іздеуді жөн санайды. Бүгінде танымал танысуға арналған бағдарламалар мен желілер кезіндегі газет беттеріндегі танысу бұрышын алмастырған. Бүгін өз жұбыңды табуға көмектесетін танымал қосымшалар мен сайттарды ұсынамыз.
1. Tinder
Tinder 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Оның бүгінде жалғыз әлемнің түкпір-түкпірінен 80 миллионнан астам қолданушы бар. Ол жерге 14 жастан асқан адамдар тіркеле алады.Мобильді қосымшаның интерфейсі мүмкіндігінше қарапайым және ыңғайлы. Сізге жақын мандағы адамдардың сауалнамасын ұсынады, өзіңізге керек адамды көрсетесіз. Егер екеуіңіздің таңдауыңыз бірдей болса, матч (match) болып, сөйлеусуге арналған парақша ашылады.
2. Mamba
Mamba өзінің жұмысын 2002 жылы басталды. Бұған 18 жастан асқан кез-келген адам жасай тіркеледі. Геолокацияны автоматты түрде анықтау арқылы жақын жерде тұратын адамдармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл жерде онлайн-трансляция жасау, пайдаланушыларға сыйлықтар беру, олардың сауалнамаларына түсініктеме беру және тіпті ойын ойнау мүмкіндігі бар.
3. Love.mail.ru
Танымал "Mail.ru Group" компанияcының мобильді қосымша және веб-нұсқа форматында қол жетімді. Тіркелу толығымен тегін, ал кіріктірілген қосымшалар ("тәтті жұп", "таңдаулар" және басқалар) әңгімелесушіні таңдап, ойын түрінде диалог бастауға мүмкіндік береді. Серік таңдау үшін түрлі сауалнамаға жауап беруіңіз керек. Басқа ресурстардан айырмашылығы, мұнда анонимді сауалнама жасау мүмкін болмайтынын ескеріңіз, профильге жеке фотосурет қосу қажет.
4. Badoo
Badoo өзін әлеуметтік танысу желісі ретінде көрсетеді. Өзіңізге сауланамасы ұнаған адаммен әңгімелесе аласыз. Оның шынайылығына көз жеткізу үшін "селфи сұрау" қызметі бар. Геолокация арқылы жақын маңдағы адамдармен таныса аласыз.
5. Vk Танысу
2021 жылы ең танымал әлеуметтік желілердің бірі жаңа онлайн танысу қызметін іске қосты. Жұмыс принципі басқа қосымшаларға ұқсас: қолданушылар сауалнама жасайды, бір-біріне қызығушылық танытады және хат алмасу форматында сөйлесуге көшеді.