- Негізгі бет
- Сын сағатта
- Уақытылы әрекет мәреге...
Уақытылы әрекет мәреге алғаш жеткізеді
Адамға кейде бір жерден қозғалып, алға жылжуы үшін, отырған орнынан бірден маңызды іске кірісіп кетуі үшін бірнәрсе әсер еткені жетіспейді. Ол оқыған кітап, көрген фильм, естіген әңшіме болуы мүмкін. Өмірде кез келген нәрседен мотивация ала білген жөн. Сіздерге жігерлендіретін сөздер ұсынайық.
Ештеңені кеш демеңіз, игіліктің ерте-кеші жоқ.
Оқу – уақыт жоғалту емес, оқу – ерік-жігеріңді жеңу.
Оқығанда қиналғаның уақыт өте басылады, ал оқымаудың азабы мәңгілік қыр соңыңыздан қалмайды.
Қазірдің өзінде қарсыластарыңыз көзге көрінбейтін жарыста қомағайлана кітап оқып жатыр.
Бүгін ұйықтап жатқанда аузыңыздан аққан су ертең өкініштің жасы болып көзіңізден тамады.
Бүгін еңбек еткеннен шыққан тер ертең қуаныштың көз жасына айналады.
Қазір ұйықтап қалсаңыз армандарыңызды түсіңізде ғана көресіз. Ал ұйқы орнына оқуды таңдаған жан арманын іске асыруға бір қадам болса да алға жылжиды.
Бүгінгі күнді қайтсеңіз де қайтара алмайсыз.
Барлығын өз уақытында орындаған адам ғана мәреге алғаш жетеді.
Өзіне инвестиция жасаған жан – реалист!
@. @assel_assanova