Адам өзін-өзі жігерлендіру үшін біреудің жанына батырып сөз айтатынын күтіп жүре берудің қажеті жоқ. Мақсатын айқындап, болашаққа көз тігіп аянбай еңбек етудің арқасында өзінің қалай сергек әрі күшті болғанын байқамай қалады. Бүгінгі таңда көптеген жан белгілі бір дәрежеге жеткен адамдардың соңынан әртүрлі сөз айтып, жамандауды әдетке айналдыра бастапты. Өзінің жай жүргеніне ешқандай мүмкіндік жоқ екенін алға тартып, оңай құтылудың жолын да тауып алған секілді. Алайда, бос арманды мақсатқа айналдыру үшін алдымен бастап көру керек. Соңында қандай болғанын өзіңіз бағамдай аласыз. Дәл осылай өзінің спортқа қызығушылығын тілі шықпай жатып ата-анасына көрсеткен мына бір нәресте ғаламтордың жұлдызына айналды. Ол теледидардан атақты Сильвестр Сталлоненің "Рокки" филіміндегі жаттығуларын қайталаған. Бүгін жұртты күлдіріп қызықты қылықтарымен есте қалған баланы ертең биіктен көруіміз де ғажап емес. Сонымен баланың алғашқы жаттығуын тамашалаңыздар.