Сату постына арналған ерекше формулалар

«Сіздің ... жеріңіз ауыра ма?

... жағдай болады деп уайымдайсыз ба?

Онда шешімі менің қолымда» деген формуладан бәріміз жалықтық.

Енді бізге өзгерек формула керек. Әр жазбадан шынайылық, тұтынушыға жанашырлық, қамқорлық лебі есіп тұратындай болса. Қажет жерінде өз өніміңізді де «бұл сізге қажет емес, мәселеңізді шешпейді, басқасын байқап көріңіз» деп шындықты айта алатын болғанда ғана, оқырман сеніміне кіресіз.

1-формула

Өніміңіз туралы пайдалы ақпарат (Жөргекті дұрыс қолдану)

+

Ол жайында ешкім біле бермейтін қызық дерек (алғаш кім ойлап тапты)

+

Қалай аламыз, сатып алу үшін не істейміз? (мекенжай, телефон нөмірі)

+

Құдіретті ҮШ сөз (Huggies – ананың кұшағындай). Бала huggies киіп жүрсе де, оған анасының құшағы секілді өте жайлы болатынын үш ауыс сөзге сыйғызған, анасына да керегі осы ғой.

2-формула

Өнімді / қызметті толық таныстыру

+

Жасалу жолы (ішкі кухнясы), еткен еңбек, төккен тер көрсету

+

Қалай ұсынатыныңды (упаковка) көрсету, аздап шығындалсаң да, сапалы «жылтыр қағазбен орау».

+

Беретін сыйлықты (бонусты) оқырман алдына тау қылып үйіп тастау

+

«Бүгін ғана» тек бір күн берілетін ұсыныс.

3-формула

Клиент сөзінен бастау («Рецебін берші», «Сатуға ұяламын», «Жаза алмаймын»)

+

Мақсатты аудиторияның негізгі ойы

+

Күмәнін сейілту

+

Әлі де сейілмесе, демек... (өзіңе сенбейсің, ... сенбейсің)

+

Мәселесін шешу жолын пункт-пунткімен көрсетіп, эксперттігіңізді дәлелдеу

+

Әрекетке шақыру

 

Бұл қатып қалған формула емес. Әр формуладан ұнаған бір-бір тұсын алып, өзіңіз жаңа формула құрастыруға да болады.