Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін.
Егер белгілі бір жерде өрт шыққан жағдайда ең бірінші қоңырау дабылы осы мекемеге түседі. Арнайы тұтқада отырған кезекші диспечер оқиға болған орынды анықтап, жақын маңдағы өрт сөндіру көлігін жіберуге тырысады. Лаулаған оттың көп аймақты шарпымағаны анықталса бір ғана көлік жетіп барады. Себебі, тонналап су тиеген бір көліктің күші жалынның бетін қайтаруға қауқарлы.
Үй, қойма, зауыт т.с.с. үлкен ғимараттар мен орманды алқаптар өртене бастаса көптеген көліктер, сонымен қоса өзге де қауіпсіздік техникалары жөнелтіледі. Кей жағдайларда тікұшақтың да көмегіне жүгінетін кездер болады.
Дабыл қоңырауы түскен жерге бірінші болып жеткен өрт сөндірушілер ең бірінші арнайы құбыршекті жақын маңдағы су ағатын құбырларға болмаса көліктің су сақтайтын бөлігіне қосады. Қызыл жалынның беті қашан қайтатынын ешкім білмейді. Кейбір лаулаған отпен арпалыс, бірталай күнге созылады. Осы уақытта шарпыған оттың арасында қалып қойған жандарды құтқару үшін өрт сөндірушілер лаулаған жалынның ортасына кіруге тура келеді.
Өрт сөндіруші болу үшін ең бірінші сіз детектив секілді жұмыс жасай білуді үйренгеніңіз жөн. Бұл қайда бара жатқаныңызды, қандай құжаттарды алу керегін және қандай алғашқы көмектерді жасау керек екенін бес саусағыңыздай білгеніңіз дұрыс. Тағы да мынадай қағидалардан сүрінбей өтуіңіз керек:
1. Номативтерді жақсылап тапсыру. Шыдамды әрі күшті болғаныңыз дұрыс. Кейде, биік ғимараттардан тек заттар ғана емес адамдарды да түсіруге тура келеді. Сондықтан, қандай күш керектігін бағамдай беріңіз.
2. Арнайы техниканың барлық қыр-сырын меңгеру керек.
3. Алғашқы көмек көрсетудің жолдарын білу.
4. Денсаулығыңыз мықты болғаны дұрыс.
5. Биіктікте жұмыс жасап үйрену.