Басыңа іс түскенде қолтығыңнан демеп, қасыңа серік болып, үмітіңді ақтап шығар досың болғанға не жетсін, шіркін! Достардың арасында белгілі бір заң болмайды, әзілдейді, қалжыңдасады, күлдіреді, күлкіге қалдырады, ойына келген сөзді айтады. Мұның барлығын бір-біріне алма кезек қолданып, өзінің талай қиындықты артта қалдырғандарын да байқамай қалады.
"Дос деген екеу немесе үшеу ғана болу керек, олар көп болса сотқарлар дейді" дегендей, өзіңнің араласып сыйласатын жандарың бір төбе, ал сырыңды айтып, өзіңе сенгендей сенетін достарың бір төбе болады. Бүгін біз сіздерге дос деген ұғымға қандай жандар сай екенін тізбектеп береміз.
Достың ең бірінші қасиеті берік болуы. Сөзіне, ісіне, уәдесіне берік болған жан сіздің тамаша досыңызға айналады. Алайды осы қағидаларды ұстап жүріп, ту сыртыңыздан пышақ ұратын адамдар да кездеседі. Сондықтан оның сөйлеген сөзіне жүріс-тұрысына адамдармен қарым-қатынасына да зер салғаныңыз дұрыс.
"Ер жігіт екі сөйлемейді", қасыңыздағы досыңыз қандай жағдай болмасын сөзінде тұруына мән беріңіз. Орындай алмаса кейінге шегеріп немесе ескертіп айтуы керегін естен шығармаңыз.
Әрдайым достың адалы жақсы, саған шын сөзін айтып, қашан да көмегін беріп, айтқан ісінің соңына арамдық ойламайтын жанның болғаны өте керемет.
Қасыңызға сенімді дос болып, кейіннен сізді пайдаланғанын естігеніңізде қандай күйде болатыныңыз белгілі. Сондықтан достықтарыңыз басталмай тұрып өзіңізге есеп беруді ұмытпаңыз.
Сіздің жақындарыңызға, өзге достарыңызға, қызыңызға немесе жұбайыңызға мәдениеттілік танытса, онда ол адам дос деген ұғымның бір сынағынан сүрінбей өткені.
Мұның барлығы уақыт өте келе тығыз байланысты болып, қасыңыздағы жолдасыңызбен сенімді серік болу үшін арналған кеңестер. Көбіне нағыз достар қиындықта жолығысып жатады. Бұл мақаланы оқып отырып, сіз өз досыңыздың қандай адам екенін ұғынып қана қоймаңыз. Өйткені сіз де біреудің досысыз. Сондықтан бірінші өзіңіз осы сатылардан қаншалықты өтетініңізді бағамдап көріңіз.