- Негізгі бет
- Сын сағатта
- Мықты адамсыз ба,...
Мықты адамсыз ба, әлсізсіз бе?
Мықты адам өміріндегі маңызды мәселелерді өзі шешеді. Қажет болса, маңдай терімен ақша тауып, көлік сатып алады. Қажет болса, демалыста немен айналысу керек екенін жоспарлап қояды. Қажет болса, жақындарын қуантуға себеп табады. Қажет жерінде «жоқ» деп те айта біледі.
Әлсіз адам бәрін керісінше істейді. Қолынан ештеңе келмейді. Үнемі өзгелердің көмегіне мұқтаж болады. Көлік мінгісі келеді, «бірақ ол қымбат» дейді. Демалыс күнін құр жатумен өткізеді, «не істерімді білмеймін» деп жатады. «Жоқ» деп айтатын жерде, тағы тілі күрмеліп қалады.
Мұны тура мағынасында саралап көрейік. Мықты адам болу жақсы әрі әділетті. Әлісіз адам болу жаман әрі дұрыс емес. Әлсіздер мықтылардың есебінен өмір сүреді. Әлсіздікке, өзгенің тіреуімен ғана өмір сүруге үйренген жан өмірін осылай жалғастыра берсе, өзін мықтылыққа тәрбиелей алмаса, оның ұрпағы да осылай болады. Өзі қиналмай, сәл кедергі туғанда мықтылардың етегіне оратылуға арланбай тын адам барлық жерде сүйкімін жоғалтады.
Ал әйелдің әлсізідігі – ол ежелден келе жатқан жақсы қасиет. Бірақ мен әйел заты екенмін деп барлық жерде өзін әлсіз түрде ұстауға болмайды. Ол тек өз ер азаматының жанында кезде ғана өзінің нәзіктігін, әлсіздігін сезінуі керек. Өмірдің өзге қырларында мықты болатын да тұстары көп.
Қорғану – әлсіз адамның өмірлік ұстанымы. Мықты адам өзін өзгелерден қорғай біледі, жақындарын қамқорлығына ала біледі, бірақ оның өмірлік мұраты қорғану емес, ықпал ету және ынтымақтастық.
Мықты жанның өмірлік жоспары мен мақсаты көп, оған жететін жолдың суретін де көзбен жобалап салып қояды. Ал әлсіз адамның алдынан тек қажеттіліктер мен мұқтаждықтар шығып, ары қарай жүруге жолын жаба түседі.
«Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» дейді халық. Адамның жасы маңызды емес, «он бесінде баспын деген» – мықты.
@. @assel_assanova