Адамдардың жанын тереңінен түсініп, әрекетіне дұрыс баға бере білуге арналған қағидалар ұсынамыз.
Айна қағидасы
Біреуді сынамас бұрын өзіңіздің мініңізді түзеңіз.
Мұң қағидасы
Өзі ренжулі жан үнемі өзгелерді ренжітіп жүреді.
Бумеранг қағидасы
Өзгелерге көмектессек, өзімізге көмектескен боп есептеледі.
Орын ауыстыру қағидасы
Басқаны өзіңнің орныңа қойып көрмес бұрын өзіңізді оның орнына қойып көріңіз.
Үйрену қағидасы
Кездестірген кез келген адамның бойынан бір нәрсе болса да үйренуге болады.
Харизма қағидасы
Адамдар өзіне қызығушылық танытқан адамға өзі де қызыға түседі.
Жартас қағидасы
Сенім – кез келген қарым-қатынастың іргетасы.
Жеделсаты қағидасы
Өзімізбен араласқан адамды не жоғарыға шығарамыз не төменге түсіреміз.
Шыдам қағидасы
Жалғыз өзің саяхаттауға қарағанда, біреумен сапарға бірге шықсаң, уақыт баяу өтеді.
Жертаса (окоп) қағидасы
Майданға дайындалсаң, өзіңе жертаса қазған кезде досың да сиятындай кеңірек етіп қаз.
Серіктестік қағидасы
Бірлесе істеген жұмыс бірге жеңіске жету мүмкіндігін жеделдетеді.