Сіз жетістікке жету үшін ең алдымен, халықтың жағдайы жоғары деңгейде болуы керек.
Ол үшін мемлекеттің бір бөлшегі саналатын отбасыңыздың жағдайын жақсартыңыз.
Отбасы жайы жақсы болуы үшін жеке өз жағдайыңыздан бастаңыз.
Жеке басыңыздың жағдайы жақсы болуы үшін жүрегіңіз таза болсын, ешкімге қиянат қылмаңыз, қолыңыздан келгенше өзгелерге қол ұшын созуға тырысыңыз. Өзгеге жасаған жақсылығыңыз айналып өзіңізге қайтып келеді.
Жүрегіңіз таза болуы үшін шыншыл болыңыз. Ешкімді алдамаңыз, өзіңізді де алдамаңыз. Тек жақсы нәрселер ойлап, соған сеніңіз.
Ол үшін сапалы біліміңіз болсын.
Білім сапасын арттырғыңыз келсе, өз өзіңізді зерттеуден бастаңыз. Жаныңыз шын мәнісінде не қалайтынына, жүрек үніне құлақ түріңіз.