- Негізгі бет
- Сын сағатта
- Жетістікке жетпеудің жеті...
Жетістікке жетпеудің жеті жолы
Иә, иә. Қате оқыған жоқсыз. Жетістікке жетуді емес, жетпеуді айтамыз.
1. Жертва болу. Өміріңнің тізгінін өз қолыңа ала алмау. Жауапкершіліктен қашу. Бәріне байды, енені, басқаны кінәлау.
2. Өзгеден дәмету. Күн сайын қолында сиқырлы таяғы бар қанатты періштені күту. Бір күні бақытты боламын деп сену.⠀
3. Әр нәрсенің жеңіл жолын, жетістікке жетудің құпиясын іздеу. Бар құпия еңбек екенін ескермеу.
4. Адам желіге екі түрлі мақсатта кіреді. Контентті жасау және "жұту". Тек сол «жұтқыштардың» қатарында болу.
5. Мінсіздікке ұмтылу. Дайын емеспін. Дайын болғанда істеймін. Перфекционизм жасасын!
6. Жүйесіздік. Мынау мақсатың, мынау оған жеткізетін міндеттерің деп қадап-қадап қоймаған соң не керек?
7. Еріншектік. Жарқ еткен идея мида сасып тұншығады. Талпыныс жанбай жатып сөнеді, «құрсақта жатып шетінейді».
Жетістікке жетудің жолы — миллион. Оны өз қабілет-қарымыңызға қарай қағып аласыз. Ал жетпеудің тағы қандай амалдары бар екен?
@. @assel_assanova