- Негізгі бет
- Сын сағатта
- Жабайы табиғатта болу...
Жабайы табиғатта болу ережелері
Massaget.kz "Тамыр" жабайы табиғат аясында болу мектебінің амбассадоры атанды және алғаш рет қазақ тілінде дәріс топтамалары басталды. Шара Аюсай визит орталығының лекторийінде өтті. Алғашқы дәрісті сайттың арнайы жобалар директоры Ербол Молдажан бастады. Дәріс тақырыбы – сапарға дайындық. Жиналған қонақтар құнды ақпаратқа қанық болды.
Дәрісте тауға дайындық кезеңінде нені естен шығармау керегін айтты. Бағытты зерттеп, жоспарын жасауды, ол туралы таныстарыңа айтуды ескерген жөн. Ауа-райы мен өз күшіңді алдын ала білу қажет.
Жабайы табиғатқа бірге алып шығу керек заттарды, құрал-жабдықтарды, дәрі-дәрмектерді жүйелеу де керек. Осы секілді маңызды әрі әр адам білу керек заңдылықтарын түсінікті тілмен түсіндіре білді.
Мәселен, ең аз жабдық ретінде мына тізімді ұсынды:
● Трекинг таяқтары
● Трекинг аяқкиімі
● Жолдорба
● Мезгілге сәйкес жүруге арналған киім
● Сулық-пончо
● Қосымша қалың киім
● Кепкі немесе панама
● Күннен қорғайтын көзілдірік
● Күннен қорғайтын жақпамай
● Тіскебасар және шәй
● Кенелерден қорғайтын құрал
● Жаздық гетры
Бастысы мына ережелерді мұқият есте сақтау қажет!
Жабайы табиғатта болу ережелері
● Заңдар мен ережелерді сақта.
● Отырған жерлеріңде іздеріңді қалдырма.
● Саяхатта және лагерьді қатты жерлерде құр.
● Тапқан нәрсенің бәрін қалдырып кет.
● Отты қолдануды барынша азайт.
● Жабайы табиғатты құрметте.
● Айналадағы адамдарды құрметте.
● Көмек көрсетуге дайын бол.
Жабайы табиғат аясында болу мектебінің негізін қалаушы – Әсел Исанова.
"Тамыр" жабайы табиғат аясында болу мектебі жабайы табиғатқа қалай шығу керек, қандай сақтық шараларын ұстану керегі туралы, экологиялық сауаттылық жөнінде қазақ және орыс тілдерінде лекциялар, танымдық іс-шаралар өткізеді.
Естеріңізге саламыз, 4 шілде күні сағат 14.00-де Аюсай визит орталығында кезекті дәріс оқылады. Келем деушілерге есік те, құшақ та ашық. Жабайы табиғатқа қонаққа барып келейік!
Г. Берік