Ит – жеті қазынаның бірі. Оның адалдығы мен ең жақын дос бола алатынын жігіттер қауымы жақсы біледі. Ежелгі заманда ер азаматтың қолындағы бүркітінің, астындағы сәйгүлігінің және қасына ерткен итінің қандай екенін қарап өзін танитын болған. Нағыз ер азамат әрқашан өзіне серік етер жануарлардың ең әдемісіне үйір болған. Бүгін біз сіздерге доберман итінің қалай пайда болғанын және қандай кереметтігі бар екенін әңгімелейтін боламыз.
Доберман – өте сұлу, бұлшық еттері анық көрінетін күшті ит. Бұдан 150 жыл бұрын Фридрих Луис Доберман есімді германиялық салық жинаушы кісі керемет бір ит пародиясын шығаруды мақсат тұтқан екен. Иттің өз ойымен жасаған түпнұсқасы былай бейнелеген екен: жұмсақ жүнді, күшті, жылдам, ақылды, сырт көзге тартымды әрі жылдам ашуға берілетіні маңызды болған. Орташа бойлылығы да осы тізімде қарастырылған.
Маңайынан мұндай иттің тұқымын кездестірмеген Фридрих Доберман көп ізденіске түскен. Көшедегі қаңғыбас күшіктердің арасын, арнайы ит баптайтын орындарды бақылап және керемет иттерді сататын көрмелерге бас сұғып әр түрлі тұқымдармен таныс болған. Мұның барлығын Фридрих жаңа күшік өмірге тезірек келуі үшін жасады. Ұзақ жылдардан кейін көптен күткен гибридті иттің тұқымы да өмірге келген. Алайда, қандай иттермен будандасып шыққаны жазылған парақша жоғалуына байланысты бұл күшіктің нағыз әке-шешесі қандай тұқымнан екенін ешкім білмейді. Көптеген зерттеулер мен будандастырулардың арқасында доберманға аристократтық түр енеді.
Бұл мақаладан кейін сіздің де доберманға көзқарасыңыз өзгеше болуы мүмкін. Сондықтан асырап алмай тұрып мына кеңестерге құлақ түргеніңіз жөн.
Бұл жануардың үрпиген жүні мен суыққа төзімді қалың терісі жоқ. Сол себепті аулаңызда немесе арнайы үйшіктерде өсірудің қажеті жоқ. Өзіңіз тұратын үйдің бір бұрышын арнайы доберманға дайындағаныңыз дұрыс. Доберман да көптеген иттер секілді ұзақ серуен мен арнайы үйретуді қажет ететін жануар. Сондықтан жиі-жиі серуендеп, дауысыңызбен үйреткеніңіз жөн. Бұл иттің жанында өзіңізді нағыз жігітпен отырғандай сезініңіз. Оған нақты талаптар қойып, батылырақ болу керек. Сонда ғана өзінің абыройы жоғары иесіне адал әрі сенімді болады.