Өмірде кей жайларға байланысты санаулы қағида бар. Осыларды барлық адам білетін әрі ұстанатын болса, өмір сүру әлдеқайда жеңілірек болар еді. Жағдайды өзіміз қиындатпай, қарапайым қағидаларды қаперге ала жүрейік.
Жертаса ережесі. Шайқасқа дайындалу жолында өзіңізге жертаса (окоп) қазғанда, досыңыз да сиятындай кең етіп қазуды ұмытпаңыз.
Қанағаттану қағидасы. Жақын жаныңызбен қарым қатынаста қанағаттанарлық жай орнауы үшін бірге болсаңыздар жеткілікті.
Айна қағидасы. Біреуді сынап-мінер алдында өзіңізді жақсылап бақылап алыңыз.
Үйрену ережесі. Өмірімізде кезіккен кез келген адамнан бір нәрсе болса да үйренуге болады. Тіпті жаман адамның өзінен қандай әрекетке бару дұрыс емес екенін ұғынамыз.
Жеделсаты ережесі. Өзара қарым-қатынас кезінде адамдарды жоғарыға да көтеріп, төменге де түсіре аламыз.
Қиындық қағидасы. Өмірге өкпелі кісі өзгелерді де ренжіткіш келеді.
101 пайыз ұстанымы. Өз бойымызда бар 1 пайыз қабілетті тауып алып, оны жетілдіруге 100 күш салу.
Алмасу қағидасы. Басқаларды орнына қойғанша, олардың орнына өзімізді қойып көру керек.
Шыдам қағидасы. Сапарға шыққанда жаныңызда адамдар болса, жалғыз жүргенге қарағанда баяу қозғаласыз.
Балға қағидасы. Жаныңыздағы адамның маңдайынан маса көрсеңіз, оны өлтіру үшін балға қолданудың қажеті шамалы.
10 ұпай ұстанымы. Өз бойы жағымды қасиеттерге тұнып тұрғанына сенім білдірген жан шынында да сол қасиеттерге лайық болуға тырысады.
Тас қамал қағидасы. Сенім – кез келген қарым қатынастың мызғымас іргетасы.
Сыбайластық ұстанымы. Бірігіп атқарылған іс ортақ жеңіс келуін жылдамдатады.
Бөлісу ережесі. Қуаныш бөліскен сайын көбейеді, қайғы ортақтасқан сайын азаяды.
Бумеранг қағидасы. Өзгеге жақсылық жасасаңыз, шарапаты өзіңізге келіп тиеді. Сол секілді біреуге қылған қиянатыңыз да қайта айналып келіп өзіңізді табады. Ешнәрсе қайтарымсыз қалмайды.