- Негізгі бет
- Сын сағатта
- Алдағы екі жылда...
Алдағы екі жылда карантиннің бірқатар ережесі сақталады
Фото:
Freepik
Ғалымдар коронавирус алдағы екі жылда коронавирус қаупі сақталатынын айтты. Зерттеу қорытындысы Science журналында жарияланған.
Бір реттік карантин әлемдегі коронавирус пандемиясын жеңуге аздық етеді. Егер жақын арада вакцина не коронавирусты тиімді емдейтін әдіс табылмаса алдағы 5 жылда COVID-19 таралуы тоқтамауы мүмкін.
Сондай-ақ, алдағы екі жыл бойы көптеген елде қоғамдық орындарда арақашықты сақтау, қарт кісілердің көшеге көп шықпауы секілді ережелер сақталуы мүмкін. Өйткені вирус жұқтыру қаупі жоғары адамдар бар кезде инфекция тарала береді.
Дәл қазір әлем бойынша коронавирусты жұқтырғандардың саны 2 миллион 300 мыңнан асып жығылды. Оның 161 мыңы қайтыс болса, шамамен 600 мыңға жуығы жазылған.