- Негізгі бет
- Сын сағатта
- 25 жасқа жеткенше...
25 жасқа жеткенше 25 іс тындырыңыз
Қазір жасыңыз нешеде? Енді қанша ғұмырым қалды деп ойлайсыз? Ары кетсе 45, 50 жыл. Одан да көп не аз болуы да мүмкін. Орда бұзар отыз жасқа келіп, артқа қарағанда босқа өткен өміріңізді көріп, бармақ тістемесіңізге кім кепіл? Сол себепті қазірден іске көшіп, мына нәрселерді бір жақты етемін деп өзіңізге талап қойыңыз.
► Ұйқы режимін бір арнаға түсіру;
► Әлеуметтік желідегі босқа өтіп жатан уақытты есептеу;
► Сол уақытта айналысатын пайдалы іс табу;
► Өзгелердің агрессиясы мен ақылға қонымсыз әрекетін елеусіз қалдыру;
► Бар болмысыңды қабылдай білу;
► Мидағы қатып қалған таптаурынды бұзу;
► Шаблоннан шығып, ойлау кеңістігін кеңейту;
► Сана мен бейсанадағы барлық ойды жүйелеу;
► Сыни тұрғыда ойлай білу;
► Жаныңыз жай табатын хоббимен айналысу;
► Бір саланы таңдап, сол бағыттағы шебер маман болмайынша тоқтамау;
► Сіздің қолыңыздан ғана жақсы шығатын ас мәзірін үйрену;
► Жарақаттанған не ауырған жанға жасайтын алғашқы көмек түрлерін меңгеру;
► Спорт пен денсаулықты назардан тыс қалдырмау;
► Түрлі салада бақ сынап көру;
► Өзіңіздің беймәлім қырыңызды ашу;
► Оқитын кітабыңыз бен көретін контентіңізді дұрыс таңдай білу;
► Бір минутты да бос өткізбеу;
► Өзіңізге ұнайтын адамдардың ғана ортасында жүруді қадағалау;
► Кешірім сұрай бергенше, ешкім айыптамайтындай әрекет етуге ұмтылу;
► Ақтала бергенше, ешкімнің алдында бас имейтіндей іс қылу;
► Қайырымдылық жасауды әдетке айналдыру;
► Үлкен адам болу үшін алдыңа үлкен мақсат қою.
► Ол мақсатты шағын жоспарға айналдыру;
► Қандай қателігі, кемшілігі болса да, ата-анаңды, жақындарыңды Құдайыңдай құрметтеу.
@. @assel_assanova