- Негізгі бет
- Сурет
- We Can Do...
We Can Do It! Поп мәдениеттің ең танымал постері
Америкалық The New York Times басылымы поп мәдениеттің ең танымал постерінде бейнеленген Наоми Паркер-Фрайлидің өмірден өткенін хабарлады.
96 жасында бақилық болған Наоми — әйел еңбек күшінің символына айналған Рози есімді кейіпкердің прототипі. We Can Do It! плакатының авторы, графикалық суретші Дж. Говард Миллер феминистік қозғалыстың символына айналған кейіпкерді Наомидің келбетінен салуды қолға алады. Алғашында бұл постер Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде әйелдерді ерлер орнына әскери кәсіпорындарда жұмыс істеуге шақыру мақсатында шығарылған.
Наоми ол кезде 20 жасар бойжеткен еді. Ол өзінің сіңлісімен Калифорния штатының Аламеда қаласында АҚШ-тың әскери күші құрамында жұмыс істеп жүрген. Сол жерде бір репортер оны суретке түсіріп алады. Бұл 1942 жылы болған оқиға. Ал, фотосуретте бейнеленген адам туралы ақпарат жоғалып кеткен екен.
Наоми кейін 2011 жылы өткен соғыс кезінде әскери құрамда қызмет еткен әйелдер жиыны туралы жазылған мақаладан өз суретін көреді. Дұрыс ақпарат белгілі болғанға дейін Рози бейнесі Джеральдин Дойл келбетінен сызылған деген жалған пікір жүрді.
"Қазір әйелдерге үлгі болар адам керек. Егер мен сондай бола алсам, ол мен үшін бақыт", - деген еді Фрайли People журналына берген сұхбатында.
А. Оралқызы