- Негізгі бет
- Сурет
- Виктор Цой көркемсурет...
Виктор Цой көркемсурет өнеріне жақын болған
Әйгілі рок музыкант Виктор Цойдың әндерін жатқа айтатын адамдардың көпшілігі оның сурет салуға құмар болғанын біле бермейді. Виктор бала кезінен қылқаламды жанына серік еткен.
Оның бойындағы қабілетті алдымен анасы байқаған. Кейін арнайы көркемсурет мектебіне оқуға берген. Музыкантты анасы: «Ол Мәскеуге алғаш келгенде бірден Третьяков галереясын көруге барған еді»,– деп еске алатын. Виктор Цой көркемсурет және реставрация училищесінде «ағаш оюшы» кәсібін игерген. Музыкант студент кезінде өнерлі жастардың «Жаңа суретшілер» тобының мүшесі болып, жұмыстары көрмелерге қойылатын.
Цойдың алғашқы жұмыстарында примитивистік-экспрессивті формалар жиі кездеседі. Кейін уақыт өте келе ол әлдеқайда реалистік кескіндер жасауға көшкен.
Осы 2017 жылдың маусым айында Виктор Цой салған сурет «Литфонд» бәссаудасына қойылған болатын. Оның «Атаусыз (Ұрыс)» деп аталатын 1987 жылғы туындысы 250 мың рубльге өткен.
А. Оралқызы