Ватикан мұражайынан Рафаэль Сантидің осыдан 500 жыл бұрын жоғалған картиналары табылды. Қызметкерлер галереяны реставрацияға дайындап, соңғы тазалау жұмыстарын жүргізген кезде байқаған. Бұл туралы CNN агенттігі хабарлайды. Картиналарда әділдік пен достықтың символына айналған екі әйел бейнеленген. Сарапшылардың пікірінше, суреттерді автор 1520-шы жылдары салған болса керек. Қазір кенептер олардың салыну кезеңі мен басқа да деректерді нақтырақ анықтау мақсатында тексеріске жіберілді. Бұл - керемет сезім. Себебі, ең алдымен, бұл туындылар автор жазған ең соңғы шығармалар болуы әбден мүмкін, табылған туындылардың тереңіне үңілген жан шебердің бұл өмірде болғанын анық сезінеді, деді Ватикан мұражайының негізгі реставраторы Фабио Пьячентини. Мұражайды қалпына келтіру жұмыстары 2022 жылға дейін созылады. Сондықтан, әлі де құнды көркемсурет туындылары табылып қалар деген үміт бар.