Көше суретшілері немесе көшенің жаңа мәдениетін қалыптастырған сурет әлемінен нені байқауға болады? Алматы қаласына стрит-арттың келгеніне көп бола қойған жоқ. Муралдар мен граффити үлгісінде безендірілген үй қабырғаларын көріп, шошып Бұнысы несі? деп жүргендер де бар. Дегенмен, бір кездері вандализм деп күрес жүргізген жаңа мәдени ошақ, өзінің қалаға сән беретін, театрдан кем емес, жаңашылдыққа бастау екенін тағы бір дәлелдеді. Ал, бұл мәдени ошақтың негізін қалап, өз ісінің халыққа ұнамды екенін дәлелдеген кім?Мәскеуде жаз айларында көше суретшісі Бэнксидің көрмесі өтті. 2014 жылы жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, Бэнкси британ мәдениетінің негізіне айналған. Бұл қатарда Шекспир, Дэвид Бэкхэм, The Beatles тобы мен Элтон Джон да бар. Бэнкси деген кім? Бұл сұраққа жауап алмастан бұрын төмендегі мына суретке зер салып қараңызшы. Әлеуметтік желіде өріп жүрген бұл суреттерді көргеніңіз анық. Бэнкси стрит-артист, яғни, суретші. Бэнксидің ақ парағы кез келген бейнені түсіруге болатын ғимараттар қабырғасы. Оның кім екені, түр әлпеті әлі күнге дейін жұмбақ. Тек Бэнкси деген атпен танымал жасырын суретшінің әр жұмысы халық үшін өтімді. Тіпті, кей деректер Бэнкси дегеніміз бірнеше суретшілер бас қосқан арнайы ұйым деп те жатады. *** *** *** Стрит-артистің өмір тарихын зерттеуді қойып, оның ойын ережесіне көшсек, яғни, суреттеріне зер салсақ нені көреміз? Оның мақсаты вандализм арқылы халықпен тілдесу. Граффити мен муралды өздерінің хоббиі мен күнкөріс тәсіліне айналдырған мыңдаған суретші бар. Бірақ, неге Бэнкси ғана өзін мойындата білді? *** *** *** Бэнкси қоғамдық мәселерді айтушы емес, бейнелеуші ретінде танымал: жауыздық, экологиялық мәселелер, құқықтың бұзылуы, теңсіздік, бостандық пен гаджетке деген тәуелділік. Одан бөлек, оның суреттерінде адамның болашағы үмітсіз емес екендігі, махаббат деген ұғымның әлі күнге бар екендігі де кеңінен сипатталады. Қазақстанда да вандализмің мәдени үлгісі кеңінен қолға алынса, көшелерге екі есе жан кірер ме еді? Қалай ойлайсыз?