- Негізгі бет
- Сурет
- Ван Гогтың 14...
Ван Гогтың 14 жыл бұрын ұрланған туындылары табылды
Амстердамдағы Ван Гог мұражайының тұрақты экспозициясына «Схевенингендегі теңіз көрінісі» (1882), «Нюнендегі реформистік шіркеуден шығу» (1884-1885) атты картиналары қайта қойылатын болды. Бұл туындылары 2002 жылы ұрланған. 14 жыл бойы ізделген картиналар 2016 жылы италиялық полиция ұйымдастырған операция негізінде табылып отыр.
Айтпақшы, бұл оқиға Винсент Вервейдің суретші туралы түсіріп жатқан фильміне арқау болды. Фильмде ұрлық туралы картиналарды жымқырған Октав Дарем есімді голландиялық рецидивист өзі баяндап береді. Бұл операцияны ұрының көзімен сипаттайтын алғашқы фильм болғалы тұр.
Мұражайдың басшысы Аксель Рюгер кинокартина туралы жақсы пікірде қалмады. Оның айтуынша, Дарем жасаған қылмысы үшін өкінетін адамға ұқсамайды. Оның көздегені тек көпшілік назарына ілігу ғана.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Винсент Ван Гог туралы «Махаббатпен, Винсент» атты қылқалам шеберінің стиліне негізделген фильм шығады.
А. Оралқызы