Голландияның импрессионист суретшісі Винсент Ван Гогтың "Тренктаедағы көпір" картинасы бейсенбі күні Нью-Йорктің Christie's бәссаудасында 39,2 млн долларға сатылды.
Ван Гог бұл картинаны 1888 жылы салған. Кескіндеменің құны 34 млн долларды құраған, алайда картинаның жаңа иесіне барлық қосымша төлемдерді есептегенде, ол үшін жалпы 39,29 млн доллар төлеуіне тура келеді.
Christie's айтуынша, Ван Гог бұл картинаны өз шығармашылығының ең жемісті кезеңдерінің бірінде салған.
Айта кетейік, Винсент Виллем Ван Гог – нидерланд суретшісі, импрессионизмнен кейінгі кезеңнің ең көрнекті өкілдерінің бірі.
Ван Гог небәрі он жыл белсенді түрде осы өнермен айналысса да, өзіне жоғары талап қоя білетін және үлкен еңбекқорлықпен екі мыңнан астам өнер туындысын, оның ішінде 930 картина, 1100 сурет және эскиздерді дүниеге әкелген.
Осы көптеген еңбектерінің ішінен Ван Гогтың тек бір ғана картинасы – "Арльдің алқызыл жүзімі" автордың көзі тірісінде сатылған. Белгілі коллекционер Анна Бош бұл картинаны 1890 жылы "Брюссель Арт Экспо" көрмесінде төрт жүз франкке сатып алды, бұл қазіргі бағамен шамамен 1900 доллар.
Қазір Ван Гогтың суреттері бүкіл дүниежүзінде аукциондарда миллиондаған долларға сатылады. Мысалы, "Доктор Гашенің портретін" 1990 жылы 15 мамырда танымал филантроп, Нью-Йорк банкирі Зигфрид Крамарски Риойю Саито деген жапон кәсіпкеріне 82,5 миллион долларға сатқан.
1890 жылы Ван Гог 37 жасында өзін-өзі атып өлтірді.