Фотограф Макс Зидентопф түсірілімнің ең қызықсыз түрі, құжатқа арналған суретті немесе көп қолданылатын нұсқа 3х4 суретті түсіру процесін түрлендіріп жоба жасады. Ол құжатқа арналған сурет біртекті болса бола берсін, бірақ паспорт фотосессиясында қалаған образда түсіруге болатынын жоба арқылы дәлелдегісі келген екен.
Құжатқа арналған сурет – фотографиядағы шарты көп жанр. Онда адам тура камераға қарауы тиіс, көлеңкесіз, біртүсті фонда көзілдіріксіз, күлмей түсуі керек. Бұл талаптармен қандай да болмасын тәсілмен эмоцияны, болмыс ерекшелігін көрсету қиын. Зидентопф 3х4 суреттің талаптарын сақтай отырып, түрлі образдар мен инсталляцияға тәжірибе жасап көрді.