Цюрихтегі Gmurzynska галереясында Карл Лагерфельд фоторетроспективасы ашылды.
Дизайнердің фото жұмыстары 1996 жылдан бері осы галереяда жиі қойылып келген болатын. Ал жаңа экспозицияда оның ең үздік туындыларын тамашалау мүмкіндігі туды.
Олардың қатарында портреттер, жарналамалық кампейнге түсірілген фотографиялар мен көше суреттері бар. Homage to Karl Lagerfeld, 30 Years of Photography аталатын көрмеде 50 экспонат орналастырылған. Көрме 15 мамырға дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, Карл Лагерфельд 19 ақпан күні 85 жасқа қараған шағында дүниеден озған болатын. Chanel сән үйінің креативті директорымен қоштасу рәсімін брендтің қазіргі басшысы ұйымдастырады.
Кутурьені соңғы сапарға шығарып салу шарасына қоғам мен журналистер қатыса алмайды. Дизайнердің соңғы тілегі бойынша сүйегі анасы Элизабеттің күлі ұшырылған орынға жерленеді. Chanel ұйымдастырғалы жатқан ашық қоштасу рәсімі нақты қай күні өткізілетіні әзірге белгісіз.