Жас бельгиялық репортер Тинтин туралы комикс балалар әдебиеті бөлімінде сатылып жатады. Алайда, Тинтиннің шытырман оқиғалары балалар әдебиетінен гөрі, 1920-60 жылдардағы оқиғаларды сипаттайтын, әр бөлімі тарихи оқиғалардың сыры мен құпиясына толы ересектер әдебиетіне жақын. Бүгін, Тинтин әлемінің құрылу тарихына сапар шегеміз: Эрже ортасында Тинтин комиксінің авторы бельгиялық Жорж Реми. Халыққа Эрже (R. G.) деген лақап атпен танымал. Реми 1907 жылы Брюссель қалашығында дүниеге келеді. Бала кезінен діни білім алады. 1920 жылдары Эрже жасөспірімдер журналында иллюстратор қызметін атқарады. 1929 жылы Le Petit Vingtime апталық басылымына шақырту алады. Бұл басылымда жұмыс істеп жүргенде Тинтин комиксінің негізі пайда бола бастайды, кейін 1940 жылы Эрже Casterman басылымына ауысады. Сол жылдан бастап Тинтин хикаялары бөлек журнал ретінде жарыққа шығады. Эрже Тинтиннің хикаяларын баяндайтын 23 альбомды жарыққа шығарды. Эрженің көзі тірісінде шыққан бірінші альбом не қайта өңделмейтін, не боялмайтын еді. Алғаш рет альбомды әрлеп, оған бояу енгізу жұмысы 1981 жылы ғана қолға алынады. 1930 Тинтин Үкімет әлемінде1931 Тинтин Конгоға аттанды (түсті нұсқасы 1946 жылы)1932 Тинтин Америкада(түсті нұсқасы 1946 жылы)1934 Фараон шылымы (түсті нұсқасы 1955 жылы)1936 Көгілдір лотос (түсті нұсқасы 1946 жылы)1937 Сынық құлақ (түсті нұсқасы 1943 жылы)1938 Қара арал (түсті нұсқасы 1943 жылы)1939 Скипетр Оттокара (түсті нұсқасы 1947 жылы)1941 Алтын қысқышты шаян (түсті нұсқасы 1946 жылы)1942 Жұмбақ жұлдыз (түзетілген нұсқасы 1954 жылы)1943 Пырақтың құпиясы1944 Қызыл Ракхамның қазынасы1948 Жеті шыны шар1949 Күн хибадатханасы1950 Тинтин қара алтын әлемінде (түзетілген нұсқасы 1971 жылы)1953 Межелі жер Ай1954 Айдағы саяхатшылар1956 Оқытушы ісі1958 Қызыл теңіз акулалары1960 Тинтин Тибетте1963 Кастафиордің байлығы1968 Сидней 714 рейсі1976 Тинтин және Пикаростар1986 Тинтин және Альф-арт Тинтин деген кім? Басты кейіпкердің есімін орыс тіліне Тантан және Тинтин деп аударды. Фонетикалық тұрғадан біріншісі түп нұсқаға жақын болса да, Тинтин атауы қолданысқа тез енді. XX ғасырда Франция мен Бельгияда тегі Валентинов, Константиновтарды Tintin деп жиі атаған. Осылайша, Тинтин атауы орыс тіліндегі сөйлеу мәнеріне көбірек жақын бола түсті. Тинтиннің жасы да белгісіз. Бастапқы бөлімдерді ол өзін жас репортер ретінде таныстырады, түрі де 14 пен 20 жас аралығына келеді. Соған қарамастан, ол жақсы жұдырықтасады, ат үстінде еркін шабады, мерген әрі мінсіз скаут.Бастапқы бөлімдерде журналист ретінде қызмет ететін Тинтин уақыт өте тыңшылықпен айналыса бастайды. Әрбір бөлімі жаңа детективті әрі шытырман оқиғаларға толы болады. Ал, соңғы бөлімдерінде Тинтин атақты адамның рөлін сомдайды және оған халық көмек сұрап барады. Аббат Валлез және қытай студенті: Эрже оның мансабының қарқынды дамуына екі адамның айтарлықтай әсері болғанын алға тартады: бірі Аббат Норбер Валлез, Le Vingtime Sicle басылымының негізін қалаушы; екіншісі қытай студенті Чан Чунжэнь. Аббат Валлез жас суретшіге апталық басылымда өз суреттерін басып шығаруға рұқсат беріп қана қоймай, оған қолдау көрсеткен. 1934 жылы Тинтиннің Шығыстағы хикаяларымен (Көгілдір лотос) жұмыс жасап жүрген Эрже толық ақпарат алу үшін Брюссельде білім алып жатқан қытай студенті Чан Чунжэньге қолқа салады. Осылайша, қытайға саяхаты студент арқылы жүзеге асады. 1935 жылы қытай студенті өз еліне оралады. Ал, жақын досымен Эрже небәрі 1981 жылы ғана қайта кездеседі. Ал, Чанның прототипі комиксте Чан Чон Ень есімімен Көгілдір лотос және Тинтин Тибетте бөлімінде кездеседі.