- Негізгі бет
- Сурет
- Суретші Қанат Сырлыбаев:...
Суретші Қанат Сырлыбаев: "Қоғам ауруын жасырса, соңы жақсылыққа апармайды"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің 85 жылдығына орай "Ұлттық рухтың ұясы" апталығы аясында "Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының" апталығы өтті. Ондағы ең ерекше шара кәсіби суретші Қанат Сырлыбаевтың "Ақ пен қара" көрмесі болды.
Фото: Марат Жүнісбеков
Қанат Сырлыбаев – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, "Дизайн" мамандығының ІІ курс магистранты. Алғашқы шеберханасы – О. Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, ұстазы – белгілі суретші-график Оспанов Балтас.
"Жұмысым компьютерлік графикамен тығыз байланысты және сол саланың мұғалімі болғандықтан, қазіргі таңда академиялық тақырыпта сурет салмаймын", - дейді Қанат. Оның қазіргі шығармашылығы минимализм бағытындағы плакаттарға арналған және туындылары әлеуметтік тақырыптарды қозғайды.
Фото: Марат Жүнісбеков
"Қоғамдағы проблемаларды көре тұра тыныш отыра алмадым. Қоғам ауруын жасырса, соңы жақсылыққа апармайды. Ойымдағы, жүрек түбінде жатқан тебіреністі қағаз бетіне түсіріп, жаңа минимализм бағытында көпке ой салғым келді", - дейді суретші.
Суретшінің туындылары бірнеше көрмеге қойылған, бірақ ҚазҰУ-дағы көрмедегідей бірнеше еңбегі бірінші рет көпке ұсынылып отыр. Назарыңызға "Ақ пен қара" көрмесінде қойылған минимализм плакаттарды ұсынамыз.
"Инеде" плакаты арқылы нашақорлыққа деген көзқарасымды жеткізгім келді", - дейді автор.
"Ал "Қайран жастық шақ..." – жасы келген адамдардың жастық шағын аңсауын көрсететін концептуал иллюстрация.
"Көкек ана" болса, балаларын тастап кеткен аналарды бейнелейді. Жалпы көкек – өз балапандарын біреудің ұясына тастап кететін құс. Яғни өзі бақпайды. Сондай көкек аналар біздің қоғамда да бар".
Massaget.kz