Илья Репин Наталья Нордман-Северовамен 15 жыл бір шаңырақ астында күн кешті.
Оның жұбайын суретшінің достары ұнатпайтын. Тіпті, философ Василий Розанов Натальяға «шаңсорғыш әйел» деген лақап ат қойыпты. Оның сырын сұраған адамдарға «Репинді тұтастай жұтып алды емес пе?!» деп жауап береді екен.
Суретшінің үйінде бәрі феминист әрі вегетариан Нордман-Северованың тәртібі бойынша өмір сүретін. Ол отбасы мүшелерін диетаға отырғызып, тек «шөп-шөңгеден» ғана дайындалған тамақтар жасайтын. Әйелінің осы қылығын сынаған достарына Репин: «Көп адамдар біздің шөпті қалай жейтінімізді сұрап жатады. Сонда сіздер үйде де, түзде де, шабындықта да шөп жей беретін шығарсыз дейтіндер де бар. Кейбірін біздің күніне қанша бума шөп жейтініміз қызықтырады,» - деп ирониямен жауап беретін.