Maison Cornette de Saint Cyr аталатын бәссауда үйі аты аңызға айналған дизайнер Ив Сен-ЛоранныңПерінің Париждегі күндері (Un Diable Paris) кітабына арнап жасаған иллюстрацияларын сатылымға шығармақ. Бұл кітап француз балалар әдебиеті жауһары. Француз балалары 1960 жылы баспагер Жак Дамастың ұсынысымен пайда болған осы бір кітапшаны оқып өседі. Сен-Лоран салған суреттердің көпшілігі қалың көрермен назарына алғаш рет ұсынылғалы отыр. Бәссауда 19 желтоқсанға жоспарланған. Бір жақсысы, суреттерді тамашалағысы келгендер 14-18 желтоқсан аралығында Парижде өтетін көрмеден көре алады. Экспозицияда Фернан Леже, Жоан Миро мен Морис де Вламинк туындылары да болады.