- Негізгі бет
- Сурет
- "Перінің Париждегі күндері":...
"Перінің Париждегі күндері": Ив Сен-Лоран иллюстрациялары
Фото:
vk.com
Maison Cornette de Saint Cyr аталатын бәссауда үйі аты аңызға айналған дизайнер Ив Сен-Лоранның "Перінің Париждегі күндері" (Un Diable à Paris) кітабына арнап жасаған иллюстрацияларын сатылымға шығармақ.
Бұл кітап – француз балалар әдебиеті жауһары. Француз балалары 1960 жылы баспагер Жак Дамастың ұсынысымен пайда болған осы бір кітапшаны оқып өседі.
Сен-Лоран салған суреттердің көпшілігі қалың көрермен назарына алғаш рет ұсынылғалы отыр. Бәссауда 19 желтоқсанға жоспарланған.
Бір жақсысы, суреттерді тамашалағысы келгендер 14-18 желтоқсан аралығында Парижде өтетін көрмеден көре алады. Экспозицияда Фернан Леже, Жоан Миро мен Морис де Вламинк туындылары да болады.
А. Оралқызы