Париж сурет өнеріне арналған алғашқы цифрлы мұражай ашылды. Экспозицияда ХХ ғасырдың ұлы картиналарының проекциялары орналастырылған. Ателье де Люмьер мұражайының биіктігі 10 метрге дейін жетсе, аумағы 3300 шаршы метр. Картиналар осынша ауқымды алып жатады. Шара жоғары технология заманының жастарын өнерге баулуды көздейді. Мұндай интерактивті көрмелер қылқалам шеберлерінің туындыларымен танысуға таптырмас алғашқы қадам. Париж жастарына осындай шаралар жетіспейді, - дейді мұражай директоры Майкл Кузигу. Көрмеде 3 бар. Оның екеуі венгриялық Густав Климт, Эгон Шиле мен Фриденсрайх Хундертвассер шығармашылығына арналса, үшінші залда жасанды интеллект салған бейнелер орналастырылған.