Tate Modern мұражайы Пабло Пикассо шығармашылығының алғашқы жеке көрмесін ұйымдастырмақ.
Экспозицияға ұлы кубистің 100-ден астам туындысы енеді. Олардың барлығы қылқалам шебері үшін ең маңызды саналатын, оның шығармашылына жаңа леп алып келген бір жыл ішінде салынған. "Пикассо 1932" көрмесі Пикассо өзін әлем өнеріндегі бірегей тұлға ретінде көрсеткен ең өнімді жылы туралы ақпарат береді. Оның XX ғасырдың ең үздік суретшісі ретінде танылуы, ең алдымен, оның музасы саналатын Мария-Тереза Вальтердің пайда болуымен тығыз байланысты. Пикассо "Ұйқы" аталатын ең ұлы туындысындағы кейіпкерді де махаббатының образынан алған деседі. Вальтерді суретші мүлдем бөлек техникада бейнелеген. "Ұйқы" – Пабло Пикассоның ең қымбат картинасы. Ол 4 жыл бұрын $155 миллион қаржыға сатылды. Аталған картинаны жеке топтамасында сақтап отырған Стивен Коэн көрме үшін арнайы Tate Modern мұражайына жеткізуге уәде берген.
"Пикассо 1932" көрмесі Tate Modern мұражайында 8 наурыз бен 9 қыркүйек аралығында өтеді.