Заманалар ауысады... Дәуірлер алмасады... Балалар ер жетеді... Үлкендер қартаяды... Осылардың бәріне қарап тұрып уақыттың өзгеретінін іштей мойындайсыз. Кеше қандай еді? Бүгін қандай? Бәрі адам танымастай өзгерген. Бүгінгі уақыт адамзаттан жылдамдықты талап етеді. Дүние есігін енді ғана ашқан сәби бізден де зерек боп туатын жағдайға жеттік. Бұрынғы технологияның орнын бүгінгі дамыған технология басты. Барлығы тез өтіп жатыр. "Біздің кезімізде осындай нәрселер болатын" – деп балаларыңызға айтып отырасыз. Ненің қалай өзгергенін еске түсіру үшін өткен мен бүгінге көз жүгіртіп көрсек...
Бұрын осындай "телефондардың" маңызы ерекше еді. Алыстағы жақынымызбен тілдесу үшін осы құралдың көмегіне жүгінген болатынбыз...
Ал, қалтаңызда мынадай шағын ғана телефон...
Онда жалғыз "жылан ойыны" бар етін...
Біздер телефонсыз да хат жазыстық... Қарым-қатынас шынайы әрі сенімді болатын...
Сәнді гаджеттермен қатар сыйлыққа мынадай қаламсап алғанды жақсы көретін едік...
Фильмдерді ғаламтордан іздеп көре салмай, дискісін арнайы барып сатып алатынбыз...
Видеоларды дәл мынадай видеокамералармен түсіріп, кассеталарға жазып, видеоқұрылғылардан қарайтынбыз...
Фотоаппаратымыз осындай болды десе бүгінгі балалар сене қояр ма екен...
Бүгінгідей ұнамаған суретті өшіре салу деген жоқ, пленкадағы әр кадр үнемделіп жұмсалушы еді...
Сүйікті әндерімізді жылжымалы үнжазбадан ғана тыңдайтынбыз...
Кассета шайналып қалған жағдайда қарындаш немесе қаламмен қайта жөндеуші ек...
Иә... Мұның бәрі қазір жай ғана сағыныш секілді. Көзге де, көңілге де ыстық...