Орыс импрессионизмі мұражайында Жұбайлар көрмесі жұмыс істеп жатыр. Оның негізгі кейіпкерлері орыс суретшілерің жұбайлары, сүйіктілері мен музалары. Жастар әдетте мұндай көрмелерді іш пыстырадыға балап, бармайды. Десе де, бір көзге жай ғана сурет секілді көрінетін әр картинаның артындағы нағыз адам қызықтырар оқиғалар жатқанын біле берейді. Осы көрмеде өнер сүйер қауым назарына ұсынылған туындылардың ішінен үшеуін іріктеп алып, сол кенепте сырт көзден тығылып, жасырын қалған оқиғаларды айтып беруді жөн көрдік. Репин не себепті диета ұстаған?Илья Репин Наталья Нордман-Северовамен 15 жыл бір шаңырақ астында күн кешті. Оның жұбайын суретшінің достары ұнатпайтын. Тіпті, философ Василий Розанов Натальяға шаңсорғыш әйел деген лақап ат қойыпты. Оның сырын сұраған адамдарға Репинді тұтастай жұтып алды емес пе?! деп жауап береді екен.И.Е. Репин. Н.Б. Нордман-Северованың портреті , 1909 Суретшінің үйінде бәрі феминист әрі вегетариан Нордман-Северованың тәртібі бойынша өмір сүретін. Ол отбасы мүшелерін диетаға отырғызып, тек шөп-шөңгеден ғана дайындалған тамақтар жасайтын. Әйелінің осы қылығын сынаған достарына Репин: Көп адамдар біздің шөпті қалай жейтінімізді сұрап жатады. Сонда сіздер үйде де, түзде де, шабындықта да шөп жей беретін шығарсыз дейтіндер де бар. Кейбірін біздің күніне қанша бума шөп жейтініміз қызықтырады, - деп ирониямен жауап беретін. Грабарь бір картинаға өзінің екі әйелін бейнелегенЖұбайлар көрмесінің басты картинасы ретінде Игорь Грабарьдың Гүлкекірелер (Васильки) туындысы таңдалған. Суретші бұл суретте өзінің екі әйелін бейнелеген, бірақ о кезде шебер тағдырының солай боларын білмеген еді. Кенеп кейіпкерлері әпкелі-сіңлілі Валентина мен Мария.И.Э. Грабарь. Васильки, 1914 Валентинамен Грабарь суретші Николай Мещериннің үйінде танысқан. Кейін 1913 жылы олар үйленеді. Жас жұбайлардың отбасында ұл мен қыз дүниеге келеді. Бірақ, ойламаған жерден Валентина психикалық ауруға шалдығады. Грабарь әйелін қанша емдеткісі келсе де, нәтиже болмайды. Біраз уақыттан кейін Валентина із-түссіз жоғалып кетеді. Кейін балалар тәрбиесімен Валентинаның сіңлісі Мария айналысады. Уақыт өте келе ол суретшіге тұрмысқа шығып, екінші жұбайы атанады. Жұбайының тыңшы екенін білмеген мүсінші 1922 жылы мүсінші Сергей Коненков 48 жасқа қараған шағында 27 жасар Маргарита Воронцоваға үйленеді. Бір жылдан кейін олар Құрама Штаттарға көшіп барады. Бірақ, бір қызығы, Маргарита тарихта мүсінші Сергей Коненковтың жұбайы ретінде емес, Кеңес Одағының шпионы және Альберт Эйнштейннің соңғы махаббаты ретінде қалды. Бұған 1998 жылы Sotheby's бәссаудасына қойылған хаттар дәлел бола алады. Сондай-ақ, Маргарита Коненкова Эйнштейн арқылы атом бомбасының әкесі Роберт Оппенгеймермен танысқан. Кеңес Одағы билігі мүсіншінің әйелі арқылы америкалық ядролық қару туралы құнды ақпараттар алып отырған.