Лондонда әлемдегі алғашқы блокчейн-арт-бәссауда болып өтті. Аталған шараны Maecenas блокчейн-платформасы мен Dadiani Syndicate галереясы бірлесе ұйымдастырған. Онда атақты Энди Уорхолдың картинасы ең жоғары бағаға өтті. 14 шағын электр орындықтар (1980) аталатын туындыны алуға онлайн-платформа ерекше жеңілдік жасаған. Картинаның 49 % акциясын биткоинға немесе Maecenas компаниясының арнайы ART валютасына айырбастау ұсынысы жарияланды. Бағасы 4,2 миллионды құраған, яғни, бұл 850 биткоинға тең. Компания арт-нысандарды толық сатып алмай, оған қаржы құюға шақырады.