- Негізгі бет
- Сурет
- Неміс суретшісі ұзындығы...
Неміс суретшісі ұзындығы 192 метрлік туындымен рекорд орнатқысы келеді
Германиядағы Лойна қаласының тұрғыны, 64 жастағы әуесқой суретші Питер Гере әлемдегі ең ұзын акварель кескіндемесі бойынша жұмысын аяқтады. Картина "Біріккен әлем картинасы" (The World Union Vision) деп аталады.
Dw хабарлауынша, ол осы аптада Аргентинаға арналған бөлімін салып бітіріп, жобаны аяқтаған.
"Біріккен әлем картинасы" 192 бөліктен тұрады, әрқайсының ұзындығы – 70 сантиметрден 100 сантиметрге дейін. 192 – жоба басталғандағы БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің санымен бірдей. Суретші картинаны 2001 жылы бастаған. Ол әр елдегі таныстары мен туыстарының түсірген фотосуреттері бойынша әр мемлекетті қылқаламмен бейнелеген.
Питер Гере химия өнеркәсібінде жұмыс істейді. Суретші БҰҰ-ға мүше елдердің портреттері бейнеленген туындыны осы бағыттағы әлемдегі ең ұзын сурет деп атады. Жақын күндері ол Гиннестің рекордтар кітабына енуге өтініш беруді жоспарлап отыр.
Т. Раушанұлы