Махаббат геометриясы

Махаббат геометриясы
Фото: vokrugsveta.ru

«Сүйіс» (Поцелуй) картинасы
Кенеп, майлы бояу, 180 х 180 см 
1907–1908 жылдарға сәйкес келеді. 
Қазір Аустралиялық Бельведер галереясында сақтаулы.

фы

1. Әйел бейнесі: Густав Климттың туындыларындағы әйел бейнесі нәзіктік пен махаббаттың символы іспеттес. Ер мен әйел адамның бірігуі, олардың арасындағы үйлесімділікті шебер суреттейтін суретшінің «Сүйіс» шығармасын адам болмысының бітіскендігінін айқын символы ретінде бағалайды. 

2. Ер адам бейнесі: Ер адамның мойны мен басы кіріктірліген. Ал, әйел адамның басын қоршаған дөңгелек пішін – әйел адамның символы. Ал, суреттегі сүйіс – физикалық жақындықты бейнелейді.  

фыв

3. Жамылғы: Екі бейнені біріктіріп отырған жамылғыда бейнеленген орнаменттер – өмір мен дамудың символы. Алтынмен көмкерілген жамылғы бұл жұптың жаңа әлемге аяқ басып бара жатқандығын дәлелдейтіндей.

фы

4. Тікбұрыштар: Ғашықтардың киіміне салынған бұл бейнелер ер адамның алғашқы қадамын білдіреді.

фыв

5. Дөңгелек пішіндер: Әйел адамның алғашқы қадамын бейнелейтін символдардің бірі. Өнер тарихын зерттеуші Алессандра Коминидің пайымдауынша, Климт бейнелейтін орнаменттер ессіздік пен ақылдың арнасын байланыстыратын көпір іспеттес.

фы

6. Гүлдер: Кейіпкерлер киіміне бейнеленген гүлдер табиғатың бөлшегі, сәйкесінше ғашық жұп – табиғаттың үйлесімді бөлігі.  

ыв

7.Фон: Алтын және күміс түсті пайдаланған Климт бұл жолға 1903 жылы Равеннаны өз көзімен көрген соң келген. Ол жерде оны таңқалдырған  VI ғасырдың итальян-византия мозаикасы еді. Суреттің бағалы аясы (фон) ғашықтың сүйісін салтанатты жұмбаққа балайды.  

фяыч

8. Шырмауықтан жасалған гүлдесте: Мәңгі жасыл өсімдік – мәңгілік өмірді бейнелесе,  ағашты орап тастайтын шырмауықтың бейнесі махаббатқа деген адалдықты білдіреді. 

Т. Есқали