- Негізгі бет
- Сурет
- Лотореядан Пикассоның картинасын...
Лотореядан Пикассоның картинасын ұтып алған азамат
Италия тұрғыны Пабло Пикассоның құны 1 млн еуродан асатын картинасын лотереядан ұтып алды. Бұл туралы euronews хабарлады.
1921 жылы салынған натюрмортта стақан, абсент пен газеттің бөлігі бейнелеген. Christie's аукцион үйі ұйымдастырған ойында 50 мың билет ойнатылған. Әр билет 100 еуроға сатып алынған.
"Тіпті картина үйдің қабырғасында ілініп тұрса да, оны ұрлап кетеді дейтіндей қауіп жоқ. Әрине, оны сақтандыру керек болады. Бірақ бұл картинаны миллиондаған адам көрген. Бір де бір ұры оны қайта сата алмайды", - дейді лотерея ұйымдастырушысы Пери Кошен.
Пабло Пикассоның әйгілі жұмыстары
Жиналған ақшадан 900 мың еуро картинаның бұған дейінгі иесіне беріледі. Қалған сома қайырымдылық ұйымдарына аударылады. Ол ұйымдардың мақсаты – Мадагаскар мен Камерунды таза ауыз сумен қамтамасыз ету.
Пабло Пикассо. "Натюрмарт" 1921 жыл
"Таза сусыз өмір сүру мүмкін емес. Коронавирус адам өмірі сусыз қаншалықты қиын екенін бізге көрсетіп берді. Қол жуу – коронавирустан сақтанудың ең тиімді жолы. Бірақ су болмаса, қолыңды қалай жуасың?", - деп атап өтті Кошен.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бақытты билет желтоқсанда сатып алынып, лотерея жеңімпазына сыйға берілген.
Т. Раушанұлы