Негізінде күз ешқандай да бұлыңғыр, көңілсіз емес, керісінше, жылдың ең тамаша, ең мөлдір мезгілі. Әрқайсысының өзіне тән айрықша салмағы, ерекшелігі бар. Суретші, әшекейлеуші Bird Born ұсынған суреттерге қарап күзді сүюдің 10 себебіне үңіліп көріңіз. Жаныңызды құлазытқан мұңнан арылып, мезгіл кереметін сезініңіз.
Жарқын түсті плащ пен етік киіп, қолшатыр ұстайсыз
Ағаштардан саудырап түскен жапырақтар сыбдырын естисіз
Далада жауып тұрған жаңбыр үніне, тамшылар тырсылына құлақ түріп, рахаттанып ұйықтайсыз
Бұл мезгілде табиғаттың ең тамаша көріністерін, мезгілдің адам айтқысыз сұлулығын суретке түсіресіз
Қаладағы әдемі кафе не шайханаларда түзге қарап отырып ыстық шай ішесіз
Дәл қазір жапырақ жамылған орманға, баққа барып ең тәтті саңырауқұлақтарды тере аласыз
Терезеге көз салып қарағанда далада жауын жауып, күн бұлтты боп тұрса, үйде жылы көрпеге оранып, сүйікті кітабыңызды оқып отырғаннан артық ләззат жоқ
Сабаққа баруға көңіліңіз соқпаса, ойлаған уақытта өзіңізге демалыс жариялай аласыз
Табиғат аясына саяхаттай қалсаңыз маса шағады деп уайымдамайсыз
Ал, ең кереметі – достарыңызбен дастархан басына жиылып, жаздың қалай өткені жайлы әңгімелесу, алдағы күндерге жоспар құру