Кітапты тек қана оқып қана қоймай, одан ғажап дүниелер де жасауға болады екен. Біздің бұл сөзімізге бір басында бірнеше өнері бар Гай Лераменің жасаған туындылары әсер етіп отыр. Режиссер, композитор, жазушы, мүсінші және де сурет өнерін бойына дарытқан азамат ескі сөздіктерді қию арқылы таңғажайып пейзаждар мен ландшафтардың кескіндерін жасаған. Бір қарағанда оңай жұмыс көрінгенімен, әрбір нүктесіне жете назар аударып дайындау үшін көптеген уақыттың кететіні айтпаса да көрініп тұр. Гайдың айтуынша, ең бірінші кітапты қимай тұрып қандай туындыны жасайтыныңды және оның пішінін, көлемін ойыңызша елестетіп алған дұрыс екен.
Қолыңыздағы құнды да керекті кітаптарды жасап көру үшін сарп етпегеніңіз абзал. Алдымен автордың туындысына назар аударып, кейіннен кішкене жұмыстан бастағаныңыз жөн болар.