- Негізгі бет
- Сурет
- Көбелек қанатындағы таңғажайып...
Көбелек қанатындағы таңғажайып суреттер
Өз шығармашылығында өзгеше материалдарды қолданғанды ұнататын мексикалық әуесқой суретші Кристиан Рамос көбелек қанатына салған картиналарымен әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Сондай өзгеше кенеп бояулардың көмегімен ол әлемге әйгілі қылқалам шеберлерінің туындыларын шебер қайталап қана қоймай, өзі де қараса көз алмайтын пейзаждарды салады.
Бала күнімде мен гүлге қонған көбелектердің қанатын зақымдайтынмын. Есейген кезде өз қатемді ұғып, көбелектің таңғажайып жаратылыс екенін түсіндім. Әр салған суретімде өз сезімім мен көңіл күйімді бейнелеуге тырысамын. Көбелектерге сурет салуым құдайға деген құрметім секілді. Жұлдызқұрттардың көбелекке айналуы маған адамдардың ақылы мен рухының көрінісі секілді сезіледі. Мұндай шақта адам өмірге қайта келгендей ерекше әсерде болады, — деді ол.
Суретшінің айтуынша, кенептің шағын, ықшамды болуы суреттің әдемі шығуы үшін қажет.
Көбелек қанатына сурет салу өте қиын: сондай кішкентай аумақ, қанат өте сынғыш, әлсіз. Сондықтан да барлық бөлшегі толық шығу үшін өте кішкентай қылқаламды пайдалану керек,– деді Кристиан сөз соңында.
Ж. Жұмағұлов